Төрт күнə 1. Аллаға күмəн келтіру. 2. Нақақтан қан төгу. 3. Ата-анаға тіл тигізу. 4. Өтірік куə болу (Мұхаммед пайғамбар) Төрт пір 1. Жарлының пірі - Қанағат. 2. Ұрының пірі - Өтірік. 3. Ұстаның пірі - Дəуіт. 4. Кəрінің пірі - Ақыл (Əнет баба). Төрт кітап 1. Тəурат - Мұсаның кітабы. 2. Зəбүр - Дəуіттің кітабы. 3. Інжіл - Исаның кітабы. 4. Құран - Мұхамбеттің кітабы. Төрт қылыш 1. Хəмхам. 2. Сəмсам. 3. Зұлпықар. 4.Зұлқожа. Төрт періште Аллаға араласып тұратын төрт періште бар. Олар: Жебірейіл, Əзірейіл, Мекайіл, Исрафил. Төрт Халифа 1. Əбубəкір. 2. Омар. 3. Оспан. 4. Əли. Төрт тұлға 1. От. 2. Су. 3. Жел. 4. Жер. Төрт құбыла 1. Шығыс. 2. Оңтүстік. 3. Батыс. 4. Солтүстік. Төрт маусым 1. Көктем. 2. Жаз. 3. Күз. 4. Қыс. Төрт тоқсан 1. Қыс тоқсан. 2. Жаз тоқсан. 3. Шілде тоқсан. 4. Күз тоқсан. Дүниенің төрт бұрышы Шын-Машын (Қытай-Тибет), Мысыр, Рұм, Еуропа елдері. Төрт мұрат 1. Дау мұраты - біту. 2. Саудагер мұраты - ұту. 3. Қыз мұраты - кету. 4. Жол мұраты - жету (Сырым батыр). Төрт мүлік 1. Бас - ақыл. 2. Тіл - сөз. 3. Қол - еңбек. 4. Аяқ - көлік (Асан ата). Төрт қорлық 1. Бала тілді алмаса. 2. Денсаулығың болмаса. 3. Жауыңның аяғына бас ұрсаң. 4. Абыройыңнан айырылсаң.

Теги других блогов: төрт күнə төрт пір төрт кітап