Пайғамбарымыз ﷺ айтады: Сіз Алладан сұрасаңыз, сіздің дұғаңыз үш-төрт нәрсеге кетеді, - деп.
🔹Бірінші: сұрағыныңызды береді я болмаса сіздің сұраған нəрсеңіз дұрыс емес. Сіз дұрыс емес нəрсе сұрап жатсыз. Сіз мынаны сұрап жатсаңыз, сізге бұл керек емес, басқа нəрсе керек. Сол керектеу болған нəрсені береді немесе сізге келе жатқан бір бəлекетті қайтарып береді екен сол дұғаңызбен. Сол керектеу сізге, бірақ сіз оны білмейсіз.
Ал үшіншісі: дұғаңызды Қияметке сақтап қояды. Соншалықты сақтап қояды...
🔹 Қияметте бір адам келеді екен Алланың құзырына. Сөйтіп келіп, амал дəптерлері оқылып жатқан кезде, өзі сауап істерін көреді ғой. Сауаптары өзінің көзіне артықтау көрінеді екен. Алланың алдында барлығы ұялады ғой. Сосын айтады əлгі пенде:
-Йа, Аллаһым, енді Əділеттісің, Кеңсің, Мейірімдісің. Бірақ мына сауап істерді мен жасамадым, артықтау болып кетіпті. Мынау-мынау, мыналар артық, көбірек жазылып жіберіліпті, - дегенде, Алланың жауабы:
-Пендем, дүниеде Менен сұрайтын едің. Есіңде ма?
-Йə, йə, есімде.
-Бірақ Мен бермейтінмін.
- Йə, йə, ол да есімде. Сұраймын, Сен бермейсің. Мен сұраймын, Сен бермейсің.
-Міне соның барлығын мында сақтап қойдым, - десе, əлгі пенде:
-Йа, Аллаһым! Йа, Аллаһым! Бұны білгенімде ғой. Е, Аллаһым, ондай болғанда мүлдем сұрағанымды бермей-ақ қоймадың ба? Мүлдем бермей-ақ қоймадың ба, мен сұрай беретін едім ғой - дейді екен.
🔹Ол бірақ ол жақта ғой. Қазір бізде сабырлық қанша дейсіз?! "Əй, бермей қойды ғой" деп күйінеміз ғой. "Мен Аллаһым сұраған едім. Денсаулық сұраған едім, неге болмай қалды? Ананы сұраған едім, неге болмай қалды" дейміз...
-----------------------------—
✒ Ұстаз Арман Қуанышбаев
✅ "Құлшылық маңызы" уағызынан алынды
◾
