*СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?*
Алла Тағала сізден *ата-анаңыздың кімдер* болғанын сұрамайды, ол кісілерге қалай *құрмет* көрсеткеніңізді сұрайды.
Жұбайыңыздың *сымбатын* сұрамайды, *қымбатын: ар-ұятын қалай қорғағаныңызды* сұрайды.
Балаларыңыздың *санын* сұрамайды, қалай *тәрбиелегеніңізді* сұрайды.
*Сіз білесіз бе?*
Жаратушы *жалақыңыздың* қанша болғанын сұрамайды, *ақшаны қандай жолмен тапқаныңызды* сұрайды.
Жұмыс орныңыздың *мәртебесін* емес, оны қалай *орындағаныңызды* сұрайды.
Қандай *ауданда тұрғаныңызды* сұрамайды, *туыстарыңызбен* және *көршілеріңізбен* қалай *сыйласқаныңызды* сұрайды.
*Сіз білесіз бе?*
Жаратушы сізден *теріңіздің түсін* емес, *мінезіңіз* мен *ісіңізді* сұрайды.
Қашан *ауырғаныңызды,* қандай *емханаларда емделгеніңізд*і емес, *науқастардың көңілін сұраған*-сұрамағаныңыз жайлы сұрайды.
Қанша *досыңыздың* болғанын сұрамайды, *кімге* және *қалай дос болғаныңызды* сұрайды.
*Сіз білесіз бе?*
Алла Тағала тұрып жатқан *үйіңіздің* қандай болғанын сұрамайды, қанша *адамға пана болғаныңызды* сұрайды.
*Көлігіңіздің* қандай болғанын сұрамайды, *қанша адамға жәрдем беріп, жеткізіп салғаныңызды* сұрайды.
Киіміңіздің *саны* мен *сәнін* сұрамайды, қанша *адамға жылу сыйлағаныңызды* сұрайды.
*Ұмытпаңыз!*
*Судың да сұрауы бар...*