Үйлену оңай,
Үй болу қиын.
Жеткізген қазақ,
Осылай ойын.
Ата-анаң жасар
Әлінше тойын.
Ағайын, туыс
Әкелер сыйын.
Біреулер тайын.
Біреулер қойын.
Той да өтер бір күн
Тыйылар жиын.
Өзіңе қалар
Әйелің, үйің.
Жігітім сонда.
Байқалар жайың.
Азаяр ақша
Күн өткен сайын.
Жанұя бағу
Болады- ау уайым.
Күндіз- түн жұмыс.
Таппайсың тыным.
Балаға тамақ,
Әйелге киім.
Үйге де тағы
Керек- ау бұйым.
Қонаққа қалай
Саларсың тыйым.
Кірмейді кіріс
Шықпаса шығын.
Таусылар солай,
Қалтада тиын.
Табам деп қайдан
Ашиды-ау миың.
Осыны қазақ
Деген- ау қиын.
Депті ғой бірақ
Үйлену оңай.
Десе де оңай
Емес-ау олай.
Қыз табу қиын
Боларлық жұбай.
Мінезі жібек,
Ажары айдай.
Ақылы артық,
Әр сөзі балдай.
Арман ғой шіркін
Таба алсаң ондай.
Кейбір қыздарға
Көңілің толмай.
Ал ұнатқаның
Кетер қарамай.
Шығынданасың
Сұлуға талай.
Уақыт сырғып
Өтеді солай.
Бұйырар бір жан
Бағыңа қарай.
Үйлену деген
Әуре ғой сондай.
Біреуге олай,
Біреуге бұлай.
Дегенін елдің
Естідік талай.
Әр жүйрік шабар
Әліне қарай.
Саларсың мүмкін
Алтыннан сарай.
АЛЛАдан саған
Рақым болғай.
Алған жарыңды
Адалдан қылғай.
Мінезі жайсаң
Әдепті болғай.
Ұрпағың болсын
Орман мен тоғай.
Тілегім осы
Тойыңа орай.
Ал ақымақ жардан
АЛЛА сақтағай